Нұр-Сұлтан мен бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 20 мамыр 21:36

Нұр-Сұлтан мен бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер еліміздің бірқатар аймағында жауын-шашын, қатты жел мен шаңды дауыл болуы ықтимал деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 21 мамыр күні шаңды дауыл болады. Оңтүстік бағыттан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 21-22 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болып, өзендерде су деңгейі көтеріледі.

21 мамырда Ақмола облысының батыс жартысында найзағай ойнап, дауыл болады және бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен батысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, солтүстігі мен батысында 25 м/с жетеді.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде – 15-20 м/с, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда 21 мамырда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

21 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай жарқылдап, желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 23 м/с-қа дейін жетеді. Оралда 21 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз – 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

21 мамыр күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысында жылдамдығы – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Жезқазғанда 21 мамыр күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде күндіз жаңбыр, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20 м/с, облыс орталығында екпіні 23-28 м / с жетеді. Қызылордада 21 мамыр күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Өрт шығу қаупі бар.

21 мамыр күні таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады және бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында – 18-23 м/с, найзағай кезінде екпіні 29 м/с жетеді.

21 мамырда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

21 мамырда түнде солтүстік-батыста, күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

21 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT