Нұр-Сұлтан мен Атырауда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда мен Атырау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ сақталады.

Сондай-ақ Атырау облысының да кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік -батыстан соққан желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында да тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.


Соңғы жаңалықтар