Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында тағы бір Тальго пойызы қатынайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан жасақталған Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2 бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойызы екі қаланың арасында күнара қатынайды.

«Пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан 2022 жылғы 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі. Алматы-2 станциясынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүретін болады», - деп жазды ведомство.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуді сұрайды. Вагонда орын болмаған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады.




Соңғы жаңалықтар