+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге қатынайтын рейстер бекітілді

2021 жылғы 28 сәуір 13:21
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге қатынайтын рейстер бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытындағы теміржол бағыттарының тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бюджетіне ішкі туризмнен 100 млн теңге түсуі мүмкін Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды СҚО-ның жаңа туристік логотипі бекітілді

Биыл жазда Алматы мен Нұр-Сұлтанды «Достық» стансасымен жалғайтын жаңа пойыз жолға шығады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымов ведомствоның Telegram-каналында айтты.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Алакөлге қатынайтын пойыздар мен тіркеме вагондардың санын арттыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп отыр.

17 маусымнан бастап халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін аптасына үш рет «Алматы-Достық» пойызы қатынай бастайды.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Нұр-Сұлтан–Достық пойызы жолға шығарылады», - дейді комитет төрағасы.

Министрлік бекіткен Алакөлге қатынайтын теміржол бағыттарының тізімі мынадай:

1. № 453/454 «Алматы-2–Достық», жаз бойы, аптасына 3 рет;

2. «Қызылорда–Семей» бағытындағы №21/22 пойыз құрамында «Алматы–Достық» рейсі, жаз маусымында, күн сайын 8 тіркемелі вагон жүреді;

3. № 258/257 «Нұр-Сұлтан–Достық», жаз бойы, аптасына 2 рет;

4. № 54/53 «Нұр-Сұлтан–Достық», аптасына 2 рет;

5. №121/122 «Нұр-Сұлтан–Семей», жаз бойы, күн сайын 6 тіркемелі вагон;

6. «Алматы–Достық» қатынасындағы жаңа жолаушылар пойызы (10 вагон), 2021 жылдың маусымынан бастап аптасына 3 рет.

Еске салайық, биылғы жазда астанадан Алакөлге аптасына 3 рет пойыз жүретіні туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында айтылған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржар ауылындағы әуежайда күрделі жөндеу жүретіндіктен, Алакөлдің Шығыс Қазақстандағы бөлігіне қатынайтын теміржол және автобус рейстерінің саны арттырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT