Нұр-Сұлтан мен Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашулар қай жерлерде өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу екі жерде өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елордалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу Нұр-Сұлтан қаласында 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі жерде өтеді: Есіл өзенінің жағалауы мен Триатлон саябағы», - делінген хабарламада.

Алматы қаласындағы «Астана» алаңында 20:00-де қала әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Тағзым» атты концерт өтеді.

«Қала қонақтары мен тұрғындарына арналған мерекелік шаралар аяқталғаннан кейін ескі алаңда отшашу жағылады», - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар