Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге әрекет жасалды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы шерулер жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 шілде, мейрам күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз шеру өткізу ұйымдастырылды. Прокуратураның бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық ығына жығылды. Кейбіреулері өзге азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасады», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзушылардың жолын кесуге бағытталған заңды шараларды қолданған.

«Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Ұсталғандардың кейбіреуінен түтіндету құтысы мен травматикалық қару тәркіленді. Бұзақыларды ұстау барынша қисынды жүргізілді және арнайы құралдар қолданылған жоқ», - делінген министрлік ақпаратында.

null null

Соңғы жаңалықтар