Нұр-Сұлтан мен Алматыда волонтерлер мыңға жуық көмек акциясын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев індетпен күрес кезеңінде еріктілердің қосқан елеулі үлесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы күрделі кезеңде аса маңызды жұмыс атқарып жатқан волонтерлер қызметін ерекше атап өткім келеді. Мысалы, тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының өзінде олар мыңға жуық көмек акциясын өткізіп, 30 мың адамға жәрдем берді. 8 мыңдай отбасына азық-түлік апарды. Осы екі қаланың өзінде волонтерлер мұқтаж адамдарға 200 мыңға жуық медициналық маска таратты», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірінде еріктілер дәл осындай мұқтаж адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекті қажетті заттарын апарып беруде.


Соңғы жаңалықтар