+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті

2019 жылғы 9 қараша 15:52
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілген митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖД елордада жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді Боранда жүргізушілерге көмек көрсеткен полицейлердің жұмысы оқушыларды қызықтырды 25 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі митингті өткізу әкімдікпен келісілген және рұқсат берілген. Жиын Жерұйық паркінде өтті.

Митингте ондаған қатысушылар барлық азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандығын сақтау, парламенттік республикаға ауысу, шынайы жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін көтерді. Одан бөлек, акция қатысушылары сайлау жүйесін реформалау мен заң үстемдігін, сот билігінің тәуелсіздігін талап етіп, пікірлерін білдірді.

Алматыда бүгін Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңда рұқсат етілген митинг өтті.

Онда да бірнеше адам «Кәсіподақтан қолыңды тарт!», «Дағдарысқа төлеме, кәсіподаққа қосыл!», «Кәсіподақтар тәуелсіз болсын», «Ереуіл жасау құқығы ҚР Конституциясының 24-бабымен қорғалған» деп жазылған плакаттармен шықты.

«Біздің мақсатымыз - Қазақстандағы еңбек құқықтарының бұзылып жатқанына назар аударту. Оған еліміз жеткілікті көңіл бөліп отырған жоқ. Бизнес субъектілері мен кәсіподақтар еңбек құқығын өрескел бұзып жүр, кәсіподақтар ішінде күрес жүріп жатыр. Сондықтан, біз жоғары ұмтылғанымызбен, Қазақстан халықаралық рейтингте төмендеп келеді. Еңбек құқығы ешкімге қажет болмайтындай кезеңге түсуіміз мүмкін. Бұл жақсы емес», - деді «Азаматтық қорғаныс» ҚҚ төрағасының орынбасары Дмитрий Литвин.

Оның айтуынша, жұмыскерлер өз құқықтарын талап етіп, кәсіподақта бірігуі тиіс.

Жиын барысында өзге де қатысушылар өз пікірін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мәслихаты азаматтардың бейбіт жиыны үшін екі орын белгілеген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT