Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G интернет тест режимінде жұмыс істеп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты.

«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр» деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында.

Оның сөзіне сенсек, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.


Соңғы жаңалықтар