Нұр-Сұлтан мен Алматы ТМД-дағы күзде саяхаттайтын қалалар бестігіне кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы күзде демалуға және саяхаттауға қолайлы ТМД елдерінің үздік қалалар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік туристердің күзде саяхаттауы үшін ТМД елдерінде Минск, Астана және Ереван көш бастап тұр.

ТМД қалаларының туристер арасындағы алғашқы ондығына Беларусьтегі Минск, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Армениядағы Ереван, Қазақстандағы Алматы, Әзербайжандағы Баку, Өзбекстандағы Ташкент, Молдовадағы Кишинев, Қырғызстандағы Бішкек, Тәжікстандағы Душанбе және Түркменстандағы Ашхабад кіреді.

Минскіде 20 қыркүйектен 8 қазанға дейін «TEAРT» Халықаралық театр өнерінің форумы өтеді, 5 қазанда Арменияның Арени ауылында жыл сайынғы шарап жасау фестивалі өтеді, 5 және 6 қазанда Кишиневте шарап күні аталып өтеді, қазан айының соңында Әзербайжанның Гейчай қаласында дәстүрлі анар мерекесі өтеді.

ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристер қалаларға күзде саяхат жасауға және тамақтануға күніне 40-100 доллар аралығында қаражат жұмсайды, демалыс күндері Минск пен Ереванға, шопинг үшін Нұр-Сұлтан мен Бакуге барады.

Соңғы жаңалықтар