Нұр-Сұлтан мектептері арасында Жамбыл оқулары өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназияда дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақынның еңбектерін насихаттау және шығармаларын терең меңгеруге қызығушылығын ояту.

Жамбыл оқуларына Нұр-Сұлтан қаласының 62 білім беру мекемесінің 120 оқушысынан өтінім қабылданды.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық етті.

Байқауға қатысушылардың оқу мәнеріне, образға кіру ерекшелігіне және мағынасын толық жеткізе алуына айрықша мән берілді.

Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.


Соңғы жаңалықтар