+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар

2021 жылғы 14 қаңтар 23:10
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сенсек, соңғы күндері COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны 100 адамнан асып жығылатыны белгілі.

«Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуына байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңажылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі», - дейді қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың санитар дәрігері санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея саналатынын атап өтті.

«Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек»,-деді Сархат Бейсенова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT