Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймақтан шықты, дегенмен жағдай әлі де күрделі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қала береді. Бес ай бойы қала «қызыл» аймақта тұрып, соңғы 13 күнде инфекциялық стационарлар жүктемесі 70%-дан асып және 100 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынның толу көрсеткіші 200-ден жоғары болғандықтан Нұр-Сұлтан «қою қызыл аймақта» болды. Кешеден бері инфекциялық стационарлар жүктемесі 69%-ға түсіп, елорда тағы да «қызыл аймаққа» ауысты», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, елордада биылғы маусымның екінші онкүндігінен бастап, дельта штамының таралуынан эпидемиологиялық жағдай нашарлады.

«Маусым-шілде айлары кезеңінде жыл басынан бергі барлық сырқаттанушылықтың 55%-ы тіркелді. Шілде айында аурушаңдық деңгейі мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есеге, маусым айынан 2,3 есеге артты. Биылғы шілдеде пандемия басталғаннан бері 100 мың тұрғынға шаққанда ең жоғары апталық көрсеткіш тіркелді және ол 915,9-ды құрады. Жағдайлардың орташа тәуліктік тіркелуі маусым айында 388-ден шілде айында 1200-ге дейін өсті. Соңғы 19 күнде тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркелген», - деді С. Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар