Нұр-Сұлтан көшелерінде су соратын 100 техника жұмыс істеуде - әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда күн күрт жылынып, ауа температурасы көтерілді. Осының салдарынан қаладағы қалың қар еріп, жолдар мен аулаларды қар суы басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, шаһарда су соратын арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

«Ауа райының күрт жылынуына байланысты қалада су жинауға 100-ден аса ассенизаторлық машина шықты», - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде қаланы басып қалған мол су туралы бірнеше видео жарияланды.



Соңғы жаңалықтар