USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртенді

2021 жылғы 4 желтоқсан 22:21
Бөлісіңіз:
«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртенді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында пиротехникалық отшашу тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында трассалар қардан тазартылып жатыр Петропавлда «ақылды» құрылғылар жол ережесін бұзудың 700-ден астам дерегін тіркеді Астанада автобус жүргізушілерінің кінәсінен 275 жол апаты болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін сағат 21:26 шамасында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолының 212 шақырымында орын алған.

«Анықталғандай, пиротехникалық отшашу тиелген «DAF» жүк көлігі өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт шығу себептері мен салдары анықталуда», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, оқиға орнында куәгерлер қызыл жалынға оранған көліктен аспанға атқылап жатқан отшашуды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуде.

Өрттен жүк көлігінің тіркемесі толық жанып кетті.

Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккендер жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT