«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу тиелген жүк көлігі өртенді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында пиротехникалық отшашу тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін сағат 21:26 шамасында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолының 212 шақырымында орын алған.

«Анықталғандай, пиротехникалық отшашу тиелген «DAF» жүк көлігі өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт шығу себептері мен салдары анықталуда», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, оқиға орнында куәгерлер қызыл жалынға оранған көліктен аспанға атқылап жатқан отшашуды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуде.

Өрттен жүк көлігінің тіркемесі толық жанып кетті.

Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар