Нұр-Сұлтан қаласының Бәсекелестікті қорғау департаменті «Open Space»-те өз жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын орындау және монополияға қарсы органның ақпараттық ашықтық деңгейін арттыру мақсатында «Open Space» ашық офисінде өз жұмысын бастады.

Видеоконференция 2 қазанда « Zoom» байланысы арқылы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, налық субъектілерінің, БАҚ және қала тұрғындарының қатысуымен «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымсыз артықшылықтар алатын жосықсыз нарық субъектілерімен күрес» тақырыбында өтті.

Конферения барысында Департамент басшысы Абзал Әбдікәрімов: «Open Space» - бұлкоммуникацияның жаңа құралы, бәсекелесті дамыту және қорғау саласындағы ұсыныстарды, проблемаларды, шағымдарды нарық субъектілерімен жан-жақты және бірлесіп ашық талқылау арқылы өзекті мәселелерді жылдам шешіп, мемлекеттік органдар мен монополиялық бизнес құрылымдардың атына бәсекелестікті шектеуді жою бойынша шешімдер қабылданып, проблемалық мәселелер тізілімі болып табылатын «Кедергілер картасы» қалыптастырылатын болады» деді.

Нарық субъектілерімен тауар нарығында монополиялық артықшылық жасау, белгілі бір қызметтерді тану мақсатында шарт жасасуға мәжбүрлеу және жосықсыз бәсекелестік шеңберінде сұрақтар талқыланып, нақты түсініктемелер берілді.

Алдағы уақытта, «Open Space» ашық кеңсесі онлайн режимде әр аптаның жұма күні өткізіліп отыратын болады.

Осыған байланысты, бәсекелестікті қорғау және дамытуға қатысты ұсыныс - пікірлерді Департаменттің [email protected], [email protected] электронды почталарына жолдап, видеоконференцияға белсенді қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар