Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мәселесі ертең елорда мәслихатында қаралады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты мәселе қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі:

1. Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», - делінген қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қол қойған құжатта.

Еске салайық, Мәжіліс депутаттарының Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген болатын.

Ал Қаржы министрлігі елорда атауын қайтару үшін қосымша қаражат қажет етілмейтінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар