Нұр-Сұлтан қаласындағы коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істейді
2022 жылғы 6 қаңтар 18:47

Нұр-Сұлтан қаласындағы коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық және апаттық қызметтерінің төтенше жағдай кезеңіндегі жұмысы туралы ереже бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, қаланың энергетика қызметіне мына кәсіпорындардың қызметі кіреді:

1) «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, аудандық қазандықтар);

2) «Астана-Теплотранзит» АҚ (орталықтандырылған көздерден және аудандық қазандықтардан жылумен жабдықтау желілері);

3) «Астана-АЭК» АҚ (кернеулі электрмен жабдықтау желілері 0,4-6-10-20-110-220 кВ);

4) «Ақмола ЭҮК» АҚ (электрмен жабдықтау желілері 0,4-6-10-35-110 кВ);

5) «Астана Қалалық Жарық» ЖШС («Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарындағы көшелерді, аулаларды және саябақтарды жарықтандыру);

6) «GorSvetGroup» ЖШС («Алматы» және «Есіл» аудандарында көшелерді, аулаларды және саябақтарды жарықтандыру).

Бұл кәсіпорындар тәуліктік режимде жұмыс істейді. Ал авариялық жағдайлар туындаған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- кәсіпорынның жеке регламентіне сәйкес, мүдделі тараптар мен тұтынушыларды хабарландыру;

- кәсіпорындардың ішкі нұсқаулықтарына сәйкес, авариялық бұзушылықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру.

Ал коммуналдық шаруашылық қызметке келесі кәсіпорындардың жұмысы кіреді:

1) «Астана Су Арнасы» МКК (ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтау көздері мен желілері, шаруашылық-тұрмыстық кәріз желілері мен құрылыстары);

2) «Elorda Eco System» МКК (нөсерлік кәріз желілері мен құрылыстары);

3) «Астана Тазалық» ЖШС (қаланы санитарлық тазалау);

4) Нұр-Сұлтан қаласының аудандары әкімдері аппараттарының мердігерлік ұйымдары (қаланы санитарлық тазарту қызметі).

Бұл кәсіпорындар тәуліктік режимде жұмыс істейді.

Авариялық жағдайлар туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- кәсіпорынның жеке регламентіне сәйкес мүдделі тараптар мен тұтынушыларды хабарландыру;

- кәсіпорындардың ішкі нұсқаулықтарына сәйкес авариялық бұзушылықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру және шығу.


Жанар-жағармай нысандарының қызметі


Жанар-жағармай қызметіне келесі кәсіпорындардың жұмысы кіреді:

1) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалы,

«Интергаз Орталық Азия» АҚ (табиғи газбен жабдықтау желілері);

2) «АстанаГазСервис» АҚ, «Астана Газ Қызмет» ЖШС, «Коммерц Трейд» ЖШС, «LPG Distribution» ЖШС, «Автогаз Трейд» ЖШС, «City Gas Service» ЖШС (сұйытылған газбен қамтамасыз ету).

Бұл кәсіпорындар тәуліктік режимде жұмыс істейді.

Ал авариялық жағдайлар туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- кәсіпорынның жеке регламентіне сәйкес мүдделі тараптар мен тұтынушыларды хабарландыру;

- кәсіпорындардың ішкі нұсқаулықтарына сәйкес авариялық бұзушылықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру және шығу.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT