Нұр-Сұлтан қаласында жылыту маусымы қашан аяқталады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жылу беру маусымы ауа температурасы +10 С-ға жеткенде аяқталады. Сондай-ақ, ол туралы тұрғындарға алдын ала ескертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында жылу маусымына дайындық және жыл беру туралы ереженің 42-тармағына сәйкес ауа температурасы +10 С және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдайды», - деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ресми хабарламада жауапты мекемелер жылыту маусымының аяқталуы туралы алдын ала 3 күн бұрын БАҚ арқылы жариялайтыны айтылған.

Айта кетсек, елордада жылу электр орталығы қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артты. Ол туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар