Нұр-Сұлтан қаласында жаяу жүргіншілер променады ашылды
2022 жылғы 6 шілде 19:25

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу жүргіншілер променады ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарының бос уақытын жайлы өткізуі үшін кезекті бір жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Енді Бараев көшесі (Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін) картадағы қарапайым орындардың бірі ғана емес, жаңа қоғамдық кеңістікке айналды.

Жаяу жүргіншілер променадында балаларға арналған ойын алаңдары, әткеншектер, өз өнерін көрсету үшін импровизацияланған көріністерге, электр автокөліктерін зарядтауға арналған арнайы орындар және т.б. бар.

Жаяу жүргіншілер өткелінде қала тұрғындары арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін орта құрылды, тротуарлар кеңейтілді, сол сияқты аумағы көгалдандырылып жатыр. Бұл қоғамдық кеңістікті одан әрі дамытатын боламыз, қазір онда абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл маңайда жаяу жүргіншілер променадын ашу жөніндегі идея орналасқан жеріне, қала тұрғындарының көптеп жүруіне, тиісінше демалатын орынның болмауына байланысты пайда болды. Қоғамдық кеңістік тұжырымдамасын урбанистика орталығы мен аудан әкімдігі тұрғындармен бірлесіп талқылады.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Оның ішінде 100-ге жуығы ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін пайдалануға берілді.

Бүгін, мәселен, жаңа амфитеатр (Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайы арасындағы саябақта орналасқан) ашылады. Амфитеатр сахнасында «Астана Опера» театрының әртістері өнер көрсетеді. Каскадты амфитеатр саябақты үйлесімді түрде жалғай түседі және қала тұрғындарының демалатын әрі шығармашыл жандардың талантын паш ететін орынға айналады», – деп жазды елорда әкімі.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT