Нұр-Сұлтан қаласында тазарту құрылғыларының құрылысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы тазарту құрылғысының құрылысының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Жаңадан салынатын тазарту құрылғысының қуаты тәулігіне 40 мыңнан астам текше метрді құрайды, бұл жауын-шашындық кәріз жүйесінің өткізгіштігін айтарлықтай жақсартады. Қазір сужинақтағыш тоғанды құрғату және жерасты тазарту құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тазарту құрылыстары Ж. Тәшенев, А. Бараев көшелері мен Республика даңғылын су басуының алдын алады. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады. Су басу қаупі басым жерлердегі мәселені шешу үшін 17 нысанның құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, сондай-ақ, тағы 15 нысант бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.





Соңғы жаңалықтар