Нұр-Сұлтан қаласында ковид стационарлары жабылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ковидке арналған стационарлар жабылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Прімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада вирустың таралуы деңгейінің төмендеуіне байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамыр-шілде айларында инфекциялық болып бейімделген стационарларды жабу туралы шешім қабылдады. Осылайша, соңғы екі күнде 370 орынды 3 ковидті стационар жабылды, яғни Қалалық психикалық денсаулық орталығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің госпиталі мен Қорғаныс министрлігі госпиталіндегі стационар жабылды», - деді Желеухан Прімқұлов.

Оның айтуынша, осыған қоса, келесі апта және алдағы уақытта аурудың бәсеңдеуіне байланысты инфекциялық, реанимациялық орындар тағы екі стационарда жабылады. Осы орайда 216 төсек орынды №3 Көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік және клиникалық блоктары, 112 орынды академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы қамтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада жедел жәрдем шақырту деңгейі азайды.



Соңғы жаңалықтар