Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналына сілтемемен.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 09.00-дегі жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында 22 адам, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1 адам — жалпы 56 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар