+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезіндегі талаптар күшейтілді

2020 жылғы 22 наурыз 21:52
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезіндегі талаптар күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
30 наурыздан бастап Ақтауда бірқатар шектеу шаралары енгізіледі Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

«Құрметті қала тұрғындары! Бүгін, 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Қалада өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. Азық – түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі жоқ. Халықаралық әуежайға ұшып келген барлық авижолаушылар медициналық тексеруден өтеді, тест өткеннен кейін ғана қалаға кіре алады. Олардың үй карантинінде болуы шарт. Санитарлық нормалар күшейтілді. Қала бойынша дезинфекция жүріп жатыр. Бұл шаралар сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қабылданды. Біз біргеміз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордаға келген жолаушылар қала әкімдігінің енгізген шараларының маңыздылығын атап өтті.

«Бізді коронавирусқа тексеріп жатқаны қуантады. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Әкімдіктің азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды».

Жаңа ереже енгізілген сәттен бастап медициналық қызметкерлер 10 рейсті жұмысқа алды, бұл 900 адам. Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT