+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ  ұсталды

2020 жылғы 13 тамыз 23:09
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ  ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 тамызда ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында Қызылорда облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға таксимен 1 келі есірткі әкеле жатқан жамбылдық азамат ұсталды Жамбыл облысында қарасора өңдейтін зауыт салынуы мүмкін Елордада есірткі курьері 14 келі гашишпен ұсталды

25-35 жас аралығындағы адамдар кірген бұл топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаумен және сатумен айналысқан. Қылмыстық топтың есірткі заттарын республиканың оңтүстік өңірлерінен алып келіп, делдалдар арқылы Нұр-Сұлтан қаласында сатқаны анықталды. Осылайша, олар өсімдік тектес есірткі құралдарын өткізу арнасын ұйымдастырған.

Ұсталған кезде аталған топтан төрт келіден астам есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «марихуана» болып шықты. Тәркіленген заттардың құны жеті миллион теңгеден асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша (Есірткі заттарды және олардың аналогтарын ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. – Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT