+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласында Энергия үнемдеу тақырыбында халықаралық форум өтеді

2019 жылғы 17 қараша 10:43
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласында Энергия үнемдеу тақырыбында  халықаралық форум өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қарашада Қазақстанның астанасында Халықаралық энергия үнемдеу күніне (11 қараша) арналған II {алықаралық форум өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Электр энергиясына сараланған тариф енгізіле ме – бірінші вице-премьер жауабы АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады

Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мәселелерді талқылау үшін жыл сайынғы басты диалог тұғырнамасын нығайту.

Форум жұмысына халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Халық арасында энергия үнемдеуді танымал ету мақсатында форум ұйымдастырушылары «Энергия үнемдеу балалар көзімен» балалар суреттерінің республикалық конкурсын және мемлекеттік ұйымдар арасында «Ең үздік энерготиімді бюджеттік мекеме» атағына конкурс жариялады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 10-25 қарашасы аралығында өтеді.

Шара туралы толық ақпаратты www.eeday.kz сайтынан алуға болады.

Форумды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Энергетика, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT