Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыда сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту керегі жазылған.

Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.

Жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен қамтамасыз ететін «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық көлік объектілерін қоспағанда, қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысына тыйым салынды.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар