Нұр-Сұлтан қаласында дәрігерлер қонақүйлерге орналастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус инфекциясын жұқтырған және оны тасымалдаушы науқастармен стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін елордадағы қонақүйлерден орындар бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық штаб емхана мен ауруханаларда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің тамақтануын ұйымдастырды, ал City Transportation Systems (CTS) компаниясы оларға көлік бөлді. Бұл қызмет түрінің бәрі медицина қызметшілері үшін тегін түрде жүзеге асырылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар