Нұр-Сұлтан қаласында баспана кезегінде қанша адам тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада баспана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада қазіргі таңда 48 мың адам баспана кезегінде тұр. 2019 жылы 1 млн 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2900 пәтер табысталды. Оның ішінде 784-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, 1050 пәтер сіздің тапсырмаңыз бойынша жұмыс істейтін жастарға берілді», - деді Асқар Мамин бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» жұмыстар жалғасуда.

«Қалада аталған банктің 214 мыңнан астам салымшысы бар. 2019 жылдың соңында осы банк арқылы елорданың 10500 тұрғыны пәтерге ие болды. Баспана мәселесін шешуде бұл банк оң септігін тигізіп отыр», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар