Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік бағасы қалай тұрақтандырылмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында атқаралып жатқан жұмыстарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы факторлардың ықпалын азайту үшін елордада азық-түлік өнімдері бағасын тұрақтандыру тетігін жүзеге асырып жатырмыз. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетігі ескерілген. Осы уақытқа дейін 13,1 млрд теңге бөлінді», - деді Е. Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, нақтылау үшін тағы 908 млн теңгеге өтінім берілді.

«Жалпы, Қазақстан бойынша осы соманы 100 млрд теңгеге дейін жеткізу ескерілген. Қазіргі кезде 40 мың тоннадан астам азық-түлік өніміне келісімшарт жасалды. Бұл өнім қаладағы дүкен сөрелерінен өткізіліп жатыр», - деді басқарма басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік арнайы карта арқылы өткізіледі.

«Қазіргі кезде «Магнум» ЖШС-мен бірлесе «Сусын» картасы бойынша арзандатылған тауарды өткізудің қанатқақты жобасын пысықтап жатырмыз. Яғни оларда өздерінің карталары бар. Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін енгізбекпіз. Бұл тұрғыда 160 мыңға тарта адам бар», - деді Е. Балтаев.


Соңғы жаңалықтар