+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды

2021 жылғы 17 сәуір 18:55
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн жылына басталысымен елорданың көшелеріне жол белгілерін қою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы жастар жанжалы: Полиция жағдайды түсіндірді Елордада 5 күнде 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді Есіл өзенінің үстінен жаяу көпір салынады

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту мақсатында Полиция департаменті шет елдердің тәжірибесін зерделей отырып, жаңа сызбалар мен техникалық құралдарды қолданып, елорда жолдарында қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.

Елорда аумағында пилоттық жобада Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін сары түсті жол таңбасының қос тұтас желісін қолдану бойынша жұмыс эксперименттік тәртіппен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл таңбаны Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында да қолдану жоспарлануда.

Жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік актілердің талаптарында көрсетілген белгіні сары түспен қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын атап өту қажет. Жол жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша осы белгілеуді пайдалану кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, оның ішінде жол ережелеріне өзгерістер енгізілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT