Нұр-Сұлтан қаласында 6 бала газдан уланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда газға уланған 6 бала құтқарылды. Бұл туралы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, жыл соңына дейін өрт қауіпсіздігін тексеру мақсатында 2 млн жеке тұрғын үйді аралау жоспарланған.

Негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері тексеріледі. Сондай-ақ, бүгін елордада алты бала улы газдан қаза таба жаздады.

«Бүгін таңғы 7: 40-та саяжай аумағында алты балаға иіс тиіп, ауруханаға түсті. таңертеңнен бастап, ізін суытпай, істің мән-жайын анықтадық. Бұл отбасының біздің есепте бар-жоғын тексердік. Белгілі болғандай, бұл отбасы қыркүйек айында көшіп келген», - деді Ә. Райымқұлова.

Оның айтуынша, оқиғадан 2009, 2011, 2013, 2017, 2020, 2021 жылдары туған балалар зардап шеккен.

Балалардың жағдайы - бірқалыпты. Олар қазір медициналық тексеруден өтіп жатыр.

«Бұл отбасы қыркүйек айында Қызылорда облысынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келген. Оған дейін бұл уақытша ғимаратта басқа отбасы тұрған, үй аумағында профилактикалық тексеру жүргізілген. Мұндай фактілердің барлығы бізде тіркеледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көбірек көңіл бөлуге, пештегі жарықтар мен бұзушылықтарды жою үшін демеушілер тартуға тырысамыз. Мұның бәрі ауа райы жылы уақытта жасалады», - деді Ә. Райымқұлова.

Соңғы жаңалықтар