+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласынан мемлекет көмегімен тұрғын үй алудың қандай жолдары бар

2020 жылғы 18 мамыр 23:20
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласынан мемлекет көмегімен тұрғын үй алудың қандай жолдары бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғын үй заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жыл соңына дейін 55 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі «Нұрлы жер»: Батыс Қазақстанда 6 көпқабатты үй пайдалануға берілмек Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

Тұрғын үй мәселесі өзекті екенін ескере отырып, Үкімет мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту бойынша шаралар қабылдауда. Мысалы, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оны жүзеге асыру аясында тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше бағыттары қарастырылған.

Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй

Бұл бағыт шеңберінде тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасыларға кезек тәртібімен беріледі. Пәтерлер жалдау мерзімін ұзарту құқығын бере отырып, 5 жылға беріледі.

Сондай-ақ жұмысшы жастарға пәтер жалға беріледі (29 жасқа толмаған, Нұр-Сұлтанда кемінде екі жыл тіркеуде тұрған және ҚР бойынша соңғы екі жылда тұрғын үйі жоқ азаматтар). Оларға тұрғын үй жалға беру мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жылға беріледі. Көрсетілген уақыт ішінде азаматтың кейіннен басқа жеке тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаға қаржы жинау мүмкіндігі бар.

ЖАО-да кезекте тұрған аз қамтамтылған отбасыларын ҚТҚЖБ арқылы несиелендіру (Бақытты отбасы)

Бұл бағытқа кезекте тұрған келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

- көп балалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Осы бағыт шеңберінде аз қамтылған отбасыларды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жылдық 2%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес болған жағдайда 20 жылға дейінгі мерзімге несие беру көзделген.

Сонымен қатар, әкімдік бастапқы жарнаның бір миллион теңге көлеміндегі бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуды қарастырған.

Әлеуметтік несиелік тұрғын үй

Бұл бағытқа банк салымшылары болып табылатын әкімдік кезегінде тұрғандар қатыса алады. Осы бағыт шеңберінде ҚТҚЖБ қарыз сомасының кемінде 20% бастапқы жарна болған кезде 25 жылға дейінгі несие беру мерзімімен жылдық 5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қарыз береді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бүгінгі таңда 46 480 адам кезекте тұр. Оның ішінде көп балалы отбасылар – 4 319; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 17 942, оның ішінде мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 2 023; жетім балалар-2 692; мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері – 21 436; жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 91.

Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; жетім балалар; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жасы бойынша зейнеткерлер; I және II топтағы мүгедектер; оралмандар және т.б.), мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған адамдар кезекке тұра алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT