+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласы жылу беру маусымына дайындалуда

2020 жылғы 15 қыркүйек 07:30
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласы жылу беру маусымына дайындалуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жылу беру маусымы, көмір сату және газдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Бірінші. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылуға уақытында қосу қажет. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің дайындығы – 97%, білім беру нысандары – 99%, денсаулық сақтау – 100%, электрмен жабдықтау желілерінің дайындығы – 82%. Барлық көрсеткіштерді 100%-ға жеткізу керек.


Сонымен қатар жаңа нысандарды жылуға қосу көздерін анықтау, қуаттылықты тексеру қажет.

Екінші. Қалада көмір тасымалдайтын 7 компания, түрлі аудандарда орналасқан отын сататын 11 нүкте бар. Көмірдің орташа бағасы, жеткізу қызметін қоспағанда, сортына байланысты 12 мың теңгені құрайды. Дүрлігіс тудыруға, жасанды көмір тапшылығына жол бермеу керек, өйткені қоймаларда отын қоры жеткілікті.

Тұрғындар көмірді алдын-ала сатып алуы қажет. Отынның бағасы мен мөлшері туралы толығырақ ақпаратты 109 жедел желі нөмірі арқылы білуге болады.

Үшінші. Тұрғын алаптардың тұрғындарына газға қосылуға техникалық шарттар беруді жалғастыру қажет.


Железнодорожный тұрғын алабында 100%, Промышленный мен Көктал-2-де 95%, Көктал-1де – 80% газ тарату желілері тартылды. Бұл жұмыстар Оңтүстік-Шығыс, Агроқалашық тұрғын алаптарында да жүргізілуде. Алдағы жылу беру маусымында осы тұрғын алаптар, сондай-ақ Агроқалашық түрғын алабының бір бөлігі үйлерін газбен жылытады. Тұрғын алапта үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосудың тегін техникалық шарттарын алу үшін фронт-офистер ашылды. Сонымен қатар биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтарының бір бөлігін газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Қысқы маусымда орта есеппен 500 мың тонна көмір жұмсалады, қазір қалаға жеткізіліп жатқан көмір мөлшері бұл нормадан асып түседі. Ережеге сәйкес, жылыту маусымы бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT