+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

2020 жылғы 4 маусым 13:35
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пара алу бойынша қай өңірлер көш бастап тұр Семейде мемқызметкер карантин талаптарын бұзған дүкен иелерінен пара алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

«Ол «Наурыз мейрамы-2020» мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - деп мәлім етті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT