Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша «сары» аймақта қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

«Қызыл» аймаққа енген өңірлер жоқ.

Айта кетейік, елорда «сары» аймаққа 21 шілдеде енген болатын. Өткен бір тәулікте Қазақстанда инфекция 3107 адамнан анықталса, науқастардың ең көп саны (932) астанада тіркелген.




Соңғы жаңалықтар