Нұр-Сұлтан қаласы Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге үлес қосуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбекпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Арысқа келіп, жарылыстан кейінгі қаланы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.


Елорда басшысы Нұр-Сұлтан қаласына бекітілген 9-сектордағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді. Нұр-Сұлтан қаласының штаб төрағасы, қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев бүгінгі күні жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен таныстырды.

«Құрылыс екі бағытта жүріп жатыр. Ол күрделі жөндеу жұмыстары және сүрілген ескі үйдің орнына жаңа тұрғын үй көтеру. Бізге 1467 нысан бөлінген. Оның 57-сі көпқабатты тұрғын үй болса, 717 жеке тұрғын үйлер. Бүгінде сүрілген 156 үйдің 120-дан астамы іргетасы қаланып, шатыры жабылуда. Қайтадан салынған 7 үйде құрылыс толығымен аяқталды. Қалған 30-дан астам үйде кірпіш қалау жұмысы басталды», - деді Алтынбек Қайсағалиев.

Оның айтуынша, екі ай ішінде қайта қалпына келтіру бойынша 402 пәтердің жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы 280-нен астам пәтерді жөндеу жүргізіліп жатыр. Қалпына келтіруге берілген 482 жеке тұрғын үйдің 283-інде жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қалған үйлерде тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.






Соңғы жаңалықтар