Нұр-Сұлтан халықаралық орталық ретінде дамуы тиіс – Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан халықаралық орталық ретінде дамуы тиіс. Бұл туралы елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан халықаралық орталық ретінде дамуы тиіс. Біз елордамыз ие болған позиция өзге қалалардан кем болмауы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуіміз қажет. А Айтпақшы, біздің өңірімізде белгілі бір халықаралық шаралардың қатысушысы және өткізушісі болуда көшбасшылыққа ұмтылатын қала бар. Бұл - үлкен абырой», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті қызмет көрсету саласының ағылшын тілінде де қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

«Бүгінгі күні қызмет стандарттары ағылшын тілінде қызмет көрсетуді қарастырмайды. Нәтижесінде шетелдіктер ағылшын тілінде қызмет алу үшін делдалдарды жалдауға мәжбүр және жиі алдау құрбаны болып жатады. Ал мұның халықаралық ауқымда қала имиджіне салдары бар. Өйткені, елордамызда орын алған кез келген оқиға жайында қауесет бір сәтте-ақ бүкіл әлемге тарайды. Ендігі уақытта шетелдік инвесторлардың мемлекеттік қызметтерді ағылшын тілінде «бір терезе» қағидатымен қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар