Нұр-Сұлтан емханаларында жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты қалалық ауруханалар инфекциялық режимге ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктің онлайн брифингісінде осындай мәлімет берді.

«Аурудың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды инфекциялық ретінде қайта бейімдеуге және әзірге күндізгі стационардың жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Осылайша, басқа медициналық клиникаларда түрлі профильдер бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу жүктемесі сезінеді», - деді Тимур Мұратов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жайттардың бәрі қалада коронавирус инфекциясымен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

«Біз төсек санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Өткен тәулікте 333 адам жатқызылды.Бар инфекциялық төсек-орынның 1 006-сы ғана бос, оның ішінде 62 реанимациялық төсек-орын. Жансақтау бөлімінде 230 науқас, КВИ-мен – 203 адам. Өте ауыр хәлде – 70 науқас, ал 47 адам өкпені жасанды желдету апаратында жатыр», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар