«Нұр-Сұлтан Дуатлон-2019» сайысына 500-ге жуық адам қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Дуатлон-2019» шарасы өтіп, оған шамамен 500 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушылар жүгіру, веложарыс спорты түрінен түрлі үш қашықтықты бағындырады. Жүгіру қашықтығы 5 және 2,5 шақырымды құрайды, ал велосипедшілер 20 шақырымды бағындыруы тиіс. Жарыс таңғы сағат 08:00 «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңнан басталды. Жүгіру жолы Қонаев к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, Ақмешіт к-сі, Достық к-сі және Мәңгілік ел даңғылы арқылы өтті. Сонымен қатар Қонаев көшесінен бастап, Тұран даңғылының бойымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылымен айналма жол) 20 шақырым жолды қатысушылар велосипедпен жүрді. Мұнда қатысушылар кері бұрылып, Тұран даңғылымен Достық көшесіне дейін, Мәңгілік ел даңғылымен жүріп, жарыс Қонаев көшесінде аяқталды.null

Дуатлон 16-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50 жас және одан асқандар санатында өтті. Жарыс басталғаннан кейін 57 минут еткенде мәре сызығын бірінші қатысушы қиып өтті. Ол Марк Старостин болды.null

«Мен шаңғы жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Мұндай форматтағы жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. Алда өтетін IRONMAN жарысына дайындық ретінде қатысып көрейін дедім. Ауа-райы да жақсы болды, күн ыстық емес. Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған», - деді жеңімпаз.

Биылғы дуатлон Старостиндер әулеті үшін жеңіске толы болды, әйелдер арасындағы додада Марктың әпкесі - Дарья Старостина абсолютті чемпион атанды. Бойжеткеннің айтуынша, олар бала кезден спортпен шұғылдануға бейім екен.

«Әкем мен анам - шаңғы тебуден спорт шеберлері, сондықтан, спорт біздің қанымызда бар. Мен үлкен спорттан кеткеніме 15 жыл болды, бірақ, өзім үшін спортпен шұғылданып жүремін үнемі. Бүгін қаламыздың спорттық өміріне араласып көргім келді. Қашықтықты жүгіріп өту кезінде уақытқа қарамадым, өз жағдайыма қарай жүгіріп өттім», - деді Дарья.

Жарыс қорытындысы бойынша 16-29 жас аралығындағы ерлер жарысында үздік үштікке кіргендер; 1 орын- Әлімжан Балтабек. 2 орын - Дмитрий Адамович, 3 орын - Дмитрий Инкин, әйелдер арасында: 1 орын - Екатерина Брынза, 2 орын - Динара Капарова, 3 орын - Екатерина Брынза.

Ал, 30-39 жас аралығындағы орындарға мына адамдар ие болды: Ерлер арасында 1 орынды Арман Ғалымов иеленсе, 2 орынды - Евгений Леонтьев, 3 орынды - Сергей Прохоров місе тұтты, әйелдер арасында 1 орын Гүлмира Аменоваға, 2 орын Елена Пономареваға, 3 орын Эльмира Молдашеваға бұйырды.null

40-49 жас аралығындағы жарыста ерлер арасында 1 орынды Марат Фаррахов, 2 орынды Қайрат Қоянбаев, 3 орынды Вадим Шулинов иемденді. Әйелдер арасында мәре сызығын бірінші болып Гүлмира Түйенбаева кессе, екінші орынды Мәдина Берқалиева алды.

Ал, 50+ жасындағы дуатлоншылар арасында алтын медальді Ринат Саликжанов, күмісті Мендібай Әлімғазин, қоланы Марат Әлімжанов иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Татьяна Михалева, екінші орынды Ирина Мустафина еншіледі.

Сонымен бірге, жарыс аяқталған соң дуатлон қатысушылары арасында дәстүр бойынша 5 велосипед ойнатылды.

null null

Соңғы жаңалықтар