Нұр-Сұлтан – Чэнду әуе рейсі іске қосылатын болды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан–Чэнду жаңа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылатын болды, деп хабаралйды ҚазАқпарат.

«Халықаралық қатынастарды одан әрі жаңарту және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық биліктерімен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін ұлғайту мәселесін пысықтады.

Қытайдың «Air China» авиакомпаниясы ағымдағы жылғы 21 тамыздан бастап А320 типті әуе кемелерімен әр жексенбі сайын Нұр-Сұлтан – Чэнду жаңа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін бастауды жоспарлап отыр» делінген хабарламада.

ААК мәліметінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын ұлғайту екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестемен орындау жоспарланғанын атап өткен жөн.


Соңғы жаңалықтар