+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Nur-Sultan әуежайына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 30 желтоқсан 16:37
Бөлісіңіз:
Nur-Sultan әуежайына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғабит Тәжімұратов Nur-Sultan халықаралық әуежайының жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ғ. Тәжімұратов әуежайдың басқарма төрағасының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша орынбасары болып қызмет еткен.

Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік авиациялық техникалық университетін (Мәскеу, РФ) Ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (Алматы, Қазақстан) Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы «IBS Astana» және «EU» Халықаралық бизнес мектебінде білім алған.

Еңбек жолын 1993 жылы Мәскеудегі 5-ші жөндеу-пайдалану басқармасында жұмысшы болып бастаған. 1994-1995 жылдары Мәскеуде Мосинжстрой ММК Су №19 1-ші разрядты жұмысшы, 1998-1999 жылдары – Алматыда ҚР ККМ Мемлекеттік авиациялық регистрінде әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы, 1999-2001 жылдары – Алматыда «Қазавиасертификация» ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім басшысы, 2001-2002 жылдары – Астанада ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болған.

2002 – 2003 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы, 2003 – 2008 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу басқармасының бастығы, 2008 – 2010 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы, 2010 – 2014 жж. –ҚР Президентінің Іс басқармасы Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, 2014 –2015 жж. – «Airport Management Group» ЖШС Бас директорының орынбасары, 2015 – 2019 жж. – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор болған.

2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Президентінің және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған. 2015 жылы «Құрметті авиатор» төс белгісімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT