Нұр-Сұлтан атауына неге қарсылық білдіреміз - Марал Ысқақбай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Марал Ысқақбай елорданың атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбір адамдардың Елордамыздың атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсылық білдіріп жатқанын көзім шалды. Иә, қазір сөз бостандығы бар, әркім өз ойын ашық айтуға құқылы. Бірақ, бұл деген сауатсыз пікірлерді қарша борату деген сөз емес. Әуел баста астананы Алматыдан көшіріп, жаңа қала салу идеясын көтерген де, бұл идеяны адам таңғаларлық дәрежеде мінсіз атқарып әлемді аузына қаратқан жаңа шаһар тұрғызған да Нұрсұлтан Әбішұлының өзі екенін бұл күні кім білмейді. Бәріміз көріп отырмыз ғой. Солай екен, «Нұр-Сұлтан» атауына неге қарсылық білдіреміз?!», - дейді жазушы.

Қаламгердің сөзінше, Санкт-Петербург, Вашингтон секілді өз мемлекетін үлкен биікке көтерген тұлғалардың қалаға есімі берілгенін мектептегі бала да біледі.

«Төл тарихымыздағы Сарай-Бату, Сарай-Берке сынды қалалардың болғанын естен шығармайық. Өз басым бұл жерде еш сөкеттік көріп тұрғаным жоқ. Қазақтың, халқына еңбегі сіңген тұлғаның есімі астанамызға берілгенін құптаймын», - деп атап өтті Марал Ысқақбай.

Соңғы жаңалықтар