+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы тағы бір жолаушы пойызы қайта жүре бастады

2020 жылғы 22 тамыз 02:16
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы тағы бір жолаушы пойызы қайта жүре бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы арасына қатынайтын пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, елорда мен Өскемен арасына қосымша рейс ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, № 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызының қатынауы қалпына келтіріледі.

Аталмыш пойыз 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте елорданың «Нұрлы жол» вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматы-2 вокзалына келеді ары қарай қайта жолға шығады. Пойыз 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте елорданың «Нұрлы жол» вокзалына жетеді.

Сонымен қатар, қосымша рейс № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы жолаушы пойызы қатынайды. Пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтіледі. 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменнен келіп, ары қарай қайта жолға шығады. Пойыз Нұр-Сұлтан – Нұрлы жолға 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келеді

Жолаушылар пойыздарға қатысты барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алады.

Еске сала кетсек, № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы карантин кезінде тоқтап тұрды. Ал Мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес осымен қатар тағы үш жолаушы пойызының уақытша тоқтатылуы 2 аптаға ұзартылған еді.

Сондай-ақ, тамыз айының басында карантинге байланысты елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгеріп, кейбірі уақытша тоқтатылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT