Нұр-Сұлтан әкімінің білім грантына 883 млн теңге бөлінуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2022-2026 жылдарға арналған грантына қосымша 883,8 млн теңге бөлінуі мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов бюджетті нақтылау кезінде осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда білім басқармасының бюджеті -149 млрд теңге. Оған қосымша 4,4 млрд теңге бөлінген болатын. Біз 22,2 млрд теңге қажеттігін айтып, өтінім бердік. Сұрап отырған қосымша қаражаттың негізгі сомасы еңбекақыға, дизель отыны мен коммуналдық қызмет құнының өсуіне байланысты коммуналдық қызметтерге қажет. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларына, материалдық жабдықтауға қосымша 3 млрд теңге сұрап отырмыз. Талай жылдан бері материалдық жабдықтарымыз жаңартылған жоқ», - деді басқарма өкілі.

Сондай-ақ, Нариман Еламанов ведомствоға бағынысты ұйымдардың кеңсе тауарларын сатып алуына деп қосымша 3 млрд теңге сұрады.

Оның ішінде тамақ өнімдерін сатып алуға 1,5 млрд теңге, дәрі – дәрмектерге 100 млн теңге, балалар жылына арналған шаралар өткізуге 2 млрд 200 млн теңге қажет екенін айтты.

Ал қала әкімнің 2022-2026 жылдарға арналған грантына 883,8 млн теңге сұралып отыр.

Аталған шарада қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп бюджетті нақтылау кезінде қосымша 310 млн теңге сұрады.


Соңғы жаңалықтар