+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан әкімдігі зейнеткерлерге ақшалай сыйлық жасайды

2019 жылғы 18 қыркүйек 10:22
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан әкімдігі зейнеткерлерге ақшалай сыйлық жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі тойланады. Елорда әкімдігі жыл сайынғы дәстүр бойынша зейнеткерлерге бірреттік ақшалай төлем береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қарттарға арналған мерекелік шара өтті Отырар ауданының бір топ қариясы Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат етті «Анашым-әкем, өз баламды бағамын...» Қарттар үйіндегі бір күн

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, биылғы жылы бұл сома 6313 теңгені құрайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнетке (әйелдер үшін зейнет жасы– 58, ерлер үшін – 63 жас) шыққандарға есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын», - деді ведомстводан.

Атап өтілгендей, бірреттік төлем Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank және Қазпоштадағы есепшоттарға жіберіледі. Аталған мекемелерде есепшоттары жоқ зейнеткерлер оны ашып, шот ашу туралы 20 таңбалы анықтаманы Достык көшесі, 13 («Нұрсая 2» ТК) мекен жайы бойынша тапсырулары қажет. Анықтама үшін телефондар: «Алматы» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22; «Есіл» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34; «Сарыарқа», «Байқоңыр» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Әкімдік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT