Нұр-Сұлтан әкімдігі елорданың үздік әнұранын анықтау жөніндегі байқауды қайта жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Султан қаласының әкімдігі елорданың үздік әнұранын анықтау бойынша шығармашылық байқауды қайтадан жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл байқау жастарды патриотизм сезімінде тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өз жұмысын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, сондай-ақ республика тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 8 шілдесінен 10 тамызына дейін жүргізіледі. Гимн кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін.

Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 10 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек:

1. Толтырылған өтінім.

2. CD-форматында алдын-ала таңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Гимні» мәтіні А4 форматындағы 1 беттен (4-5 шумақтан) аспауы тиіс және электронды түрде [email protected] поштасына жолдау қажет.

Байқауға бағытталған Гимн бұрын жарияланбауы тиіс және оның сөзінде республиканың астанасына рухани, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеялары көрсетілуі керек. Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байқауға бұрын жіберілген Гимннің мәтіндері қайта қабылданбайды.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі, 528 кеңсе, «Үздік гимн» номинациясы бойынша. Сол сияқты 55-66-30 нөмеріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар