«Нұр Отанның» партиялық тізімі салмақты сақа саясаткерлермен, ұлттың беделді ұландарымен қалыптасып отыр - Е. Қарин

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отанның» партиялық тізімі салмақты сақа саясаткерлермен, ұлттың беделді ұландарымен қалыптасып отыр.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі өтіп, онда алдағы Мәжіліс сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілген болатын. Осыған орай журналистерге өз пікірін білдірген «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин осылай деп мәлім етті.

«Партиялық тізімдегі тұлғалардың басым көпшілігі партиялық және мемлекеттік қызметтерде қызмет атқарған, негізінен тәжірибелі, салмақты тұлғалармен қалыптасып отыр. Мұнда ұлт мүддесін қозғайтын жас қайраткерлер де баршылық. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының алдағы тұғырнамасын тек партия тізіміне енген тұлғалармен өлшеуге болмайды. Яғни, партиялық тізімге еніп отырған адамдар ғана ертеңгі Үкіметтің саясатын анықтаумен айналыспайды. Бұнда тоқтала кететін жайт, партияның тұғырнамасының іске асуында болып отыр. Ал алдағы бағдарламада ұлттық, мемлекеттік мәселелер кеңінен қамтылған», - деді Е. Қарин.

Оның пайымдауынша, партияның алдағы бағдарына қатысты сараптаманы тек партиялық тізіммен қарастыруға келмейді. «Керісінше, барлық жағдайда партиялық тізімге емес, партияның бағдарламасына көп салмақ түсіру керек деп ойлаймын», - деді Е. Қарин.

Соңғы жаңалықтар