«Нұр Отанда» Білім және ғылым министрлігінде бюджет заңнамасын бұзу жағдайларының артқандығы айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есеп комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінде бюджет заңнамасын бұзу фактілерінің артуын анықтады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің селекторлық отырысында Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова мәлім етті.

«2012 жылы Есеп комитеті 18,3 млрд. теңге көлемінде білім беру саласында бюджет және басқа заңнаманың бұзушылығын анықтады. Ал 2013 жылы оның мөлшері - 26,3 млрд. теңге, 2014 жылдың 9 айында 38,2 млрд. теңгені құрады»,-деді депутат.

М. Қазбекованың сөзіне қарағанда, құқыққа қайшы әрекеттердің негізгі бөлігі мемлекеттік сатып алулар кезінде орын алады.

«БҒМ 2 млрд. теңгеге білім берудің 569 мемлекеттік мекемесі үшін химия кабинеттеріне жабдықтарға мемлекеттік сатып алулар конкурсын өткізді. Алайда, бүгінде жабдықтардың негізгі бөлігі жұмыс істемей, тоқтап тұр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар